KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Пара сұралса не істеу керек? Заңгер кеңесі

4.11.2024, 17:00 161 Төлеуғазы Жансая

Заңгер Ғабит Өмірбек baribar.kz тілшісіне берген сұхбатында пара талап етілген жағдайда қалай әрекет ету керегін түсіндірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, егер біреу қызметін асыра пайдаланып, пара немесе сыйлық сұраса, дереу ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 call-орталығына хабарласу қажет.

Азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары департамент қызметкерлері арқылы толық қарастырылады, және әр өтінішке жеке қаралады. Сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда call-орталыққа хабарласып, оқиғаны баяндауға болады.

Шағымданған азаматтардың жеке мәліметтері құпия сақталады. Сонымен қатар, пара сұрау фактісі туралы хабарлаған азаматтарға ұсынылған соманың 30%-ы сыйақы ретінде берілуі мүмкін.

Кәсіпкерлер де заңсыз тексерулер немесе мемлекеттік мекемелердің қызметтері үшін негізсіз ақша талап ету фактілері туралы хабарлай алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу