KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО Лу Бань шеберханасы: Гибридтік технологиялар мен жасанды интеллект бойынша білім берілуде

Фото: Ақорда

4.11.2024, 14:00 173 Төлеуғазы Жансая

Өскемендегі Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Сәуле Рахметуллина PIP және CDIO халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған және Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының маңызды жобаларының бірі болып саналатын Лу Бан шеберханасы туралы кеңінен айтып өтті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Қытайлық белді басылымы «Бүгінгі Жібек жолы» тілшісіне берген сұхбатынгда университет ректоры ШҚТУ базасында ашылғанына әлі бір жыл толмаған Лу Бан шеберханасы жоғары технологиялармен жабдықталған білім орталығы ретінде танылып үлгергенін алға тартты. Мұнда студенттер болашақтың өзекті салалары – электр көліктерін басқару, гибридтік технологиялар, және жасанды интеллект жүйелері бойынша білім алады. Шеберхананың басты мақсаты – заманауи өндіріс салаларына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Сәуле Рахметуллина атап өткендей, шеберханаға деген сұраныс жоғары, әрі оған университет пен аймақтық өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы байланыстардың артуы себеп. Болашақта Лу Бан шеберханасы техникалық саладағы озық жобаларды жүзеге асыратын алаңға айналып, студенттерге заманауи технологияларды игеруге жаңа мүмкіндіктер ашуды көздеп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу