KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

ШҚО-дағы табиғи қорықта фототұзаққа ірі бұлан түсіп қалды

Фото: видеодан алынған кадр

4.11.2024, 14:30 246 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстандағы «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында» орнатылған фототұзаққа бұлан түсіп қалды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қорықтың Instagram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, бұлан (лат. Alces) – бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректілердің бірі. Аталығының денесінің ұзындығы 3 метрге дейін, биіктігі 2,3 метрге дейін жетіп, салмағы 360-600 килограммға дейін болады.

Басқа бұғылардан ерекшелігі – оның дене құрылымы мен қысқа мойны, ал аталықтарында көлемі 180 см-ге жететін үлкен күрек тәрізді мүйіздері бар. Күзгі күйлеу маусымынан кейін аталық бұлан мүйіздерін тастап, көктемде қайта өсіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу