KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
501.31 520.11 5.33

Экологтар: "Демалушылар жағалауларға ақы төлесін"

12.10.2020, 13:08 193

Экологиялық қауіпсіздік орталығы өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Таза жағалау волонтерлік қозғалысының еріктілері Дұбығалы көлінің жағалауын тазалады.

Тазалық жұмысына шыққан белсенділер демалушыларды қоршаған ортаға оң көзбен қарауға шақырады.

– Қала тұрғындары табиғат аясында тыныққанды сондай жақсы көреді. Сонымен қоса демалуға барған жерлері таза болғанын қалайды. Алайда өздері қайтар кезінде шашқан қоқысын жинамай кетіп жатады. Қоқыс болса жылдар бойы үйіле береді. Қарайған әр бұтаның түбінде пакет, бөтелке шашылып жатыр. Бір-ақ күннің ішінде 200-ден астам қапты қоқысқа толтырдық. Бұл сұидық қой! Демалушылар өздері әкелген қалдықты өздерінің көлігіне неге салып алып кетпейді? – дейді аң-таң болған Дмитрий Корешков есімді белсенді.

Еріктілердің айтуынша, біздің өңір республикадағы ең сұлу, сулы да нулы облыс. Алайда қадірін білмесек, күндердің күнінде осыған да зар болып қалуымыз мүмкін.

Еріктілер елдегі әрбір ұжым, оқу орын студенттері мен мектеп оқушыларын жылына бір рет тазалық жұмысына шығуға шақырды.

«Мұндай сұмдықты өз қолдарымен тазалаған адам екінші қайтара шашпайды деп ойлаймыз», – дейді белсенділер.

Экологтар болса, заң аясында бақылау мен айыппұл салуды күшейту керегін немесе барлық жағалауды ақылы қылу керегін айтады.

«Бұдан түскен қаражат тазалық пен абаттандыруға жұмсалсын», – деген ұсыныс айтты олар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу