KZ
Өскемен
+11°
небольшой дождь жел 2 м/с, СБ
489.36 533.45 4.99

"50 % -ға дейін"  Жаңа жыл қарсаңындағы "жеңілдіктерге" сене бермеңіз

26.12.2018, 03:09 168

Жаңа жылдың алдында дүкендер мен супермаркеттерде жеңілдіктер мен түрлі акциялар өтіп жатады. Алайда маркетологтар тауарды өткізу үшін жеңілдік пен акция деген желеумен көбінесе психологиялық әдістерді пайдаланатынын көпшілік аңғара бермейді. Осындай әдістердің шебер қолданылатыны соншалық, кейде өзімізге қажетсіз тауарды қалай сатып алғанымызды байқамай қаламыз.


Ол қандай әдістер?


1. Бес затты небәрі 999 теңгеге сатып ал.


Соңы 999 теңге деп аяқталатын соммасы бар акциялар көбінесе тұрмыстық техника сататын дүкендерде қолданылады. Алайда клиент тартудың бұл амалына қазір ұсақ-түйек сататын дүкендер де көшті. Осылайша тұтынушы құны 100-200 теңгеден аспайтын заттардың бірнешеуін алып, ұттым деп ойлайды. Ал шындығында ол өз бағасына бірақ өзіне қажетсіз заттарды сатып алады. 2003 жылы Quantitative Marketing and Economics журналы зерттеу жүргізіп, тұтынушылардың 70 пайызы 44 доллар емес, 49 доллар тұратын тауарды сатып алғандығы жөнінде деректер келтірді.


2.Биік бірақ жіңішке қаптама + тегін грамм


Тауар өндірушілер тауарды өткізу үшін осындай маркетингтік қадамға барады. Қаптама неғұрлым биік болған сайын тұтынушының назарын тарту да соғұрлым оңай. Тұтынушы да биік қаптамаға көбірек өнім сияды деп ойлайды. Ал оның еніне көп назар аудара бермейді. Сондай-ақ, тауар өндірушілер + 200 грамм тегін деу арқылы да тұтынушыны тартады.Тегін деген сөз тұтынушыға қатты әсер етеді, осылайша сіз үнемі «Эмильдің» айранын тұтынып жүрсеңіз, + 200 грамм тегін беріп тұрған Фудмастердің айранына қалай көшіп кеткеніңізді байқамай да қаласыз. Мұндайда тұтынушы сапа деген мәселені назардан тыс қалдыратыны да жасырын емес.


2. Жеңілдік 50 % -ға дейін 


Мұндайда тұтынушыға әсер ететін 50 пайыз сөзі үлкен шрифтпен, ал «дейін» сөзі кішкентай шрифтпен жазылады. Нәтижесінде жеңілдік тек белгілі бір тауарларға ғана жасалады. Ал тауарлардың басым көпшілігі тек 10,20 пайыздық жеңілдікпен сатылады. Осылайша санасына 50 пайыз жеңілдік деген ұғымды сіңіріп алған тұтынушылардың көп бөлігі бұл дүкеннен құр қол шықпайды. Сондай-ақ жеңілдік кезінде сызылған баға да маркетингтік әдістің бірі екендігін естен шығармаңыз.


3. Жарнамадағы «небәрі» сөзі


Carnegie Mellon University 2007 жылы зерттеу жүргізіп, «5 долларға жеткізу» сөзін «небәрі 5 долларға жеткізу» деп өзгерткен. Осылайша тек бір күннің ішінде тапсырыстар көлемі 20 пайызға артқанын байқаған. Көптеген адамдар бұл сөзге алданбаймыз деген сенімде. Алайда жарнамадағы әр сөзге мән беріп қарасақ, шынымен 5 доллар деген соншалықты үлкен сомма емес деген шешімге келуге болады.


4. «Екі зат сатып ал да, біреуін тегін ал»


Ал шындығында тегін берілетін заттың соммасы алдыңғы екі заттың кұнынан көп төмен болады. Осылайша сіз үш зат аламын деп тағы өзіңізге қажетсіз дүниеге ақша шығындағыныңызды байқамай қаласыз. Мұндай құлықты киім-кешек дүкендері ғана емес, электроника сататын супкермаркеттер де көп қолданады. Әсіресе затты несиеге алатын адамдар бұл арады үстеме ақы төлейтіндіктен шаш етектен шығындалатыны жасырын емес. Сондықтан мұндай жеңілдікті көргенде өзіңізге екінші, үшінші зат сізге қаншалықты қажет деген сауал қойыңыз.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив