KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
489.36 533.45 4.99

Ауа райы алдағы үш күнде 30-35 градусқа дейін төмендейді

19.12.2018, 08:28 317

Синоптиктер 2018 жылдың 20-22 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Суық арктикалық фронтпен байланысты алдағы тәуліктерде республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде қар бұрқасынмен бірге және екпінді жел күтіледі. Скандинавианың солтүстік аймақтарында қалыптасқан антициклон және осы фронттың артынан жылжуы, жауын-шашынның тоқталуы және ауа температурасының суытуына алып келеді – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.


Ал Қазақстанның таулы және тау бөктері аймақтары оңтүстік фронтальді жүйенің әсерінде болады. Яғни бұл жерлерде әлі де қарлы бұрқасын, тұман және көктайғақ сақталады.


Ауа температурасы республиканың бүкіл аумағында климаттық нормадан төмен болады. Әсірсе солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі температура 30-35 градусқа дейін төмендейді. Бұл қалыпты жағдайдан 6-9 градус климаттық нормадан төмен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив