KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 3 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Өскеменде жүргіншілердің сөмкесін алып қашқан қарақшы ұсталды

5.12.2018, 04:04 87

Өскеменде жүргіншілердің сөмкесін алып қашып жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға 2 желтоқсанда Қазақстан көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Күдікті жүргіншінің сөмкесіне жармасып, тартып алмақ болған. Жүргіншінің көмекке шақырған даусын жол-патрульдік полиция батальоны инспекторы Рүстем Қасымжанов естиді. Айта кетейік, полицей бұл кезде қызмет бабынан тыс кетіп бара жатқан.


– Жас жігіт полицейді көріп қаша жөнеледі. Бірақ полицей оны қуып жетіп ұстады, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.


Қазір күдікті қарақшылық әрекеті бойынша тергеуге алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив