KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да ауыл әкімі қалдық өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр

22.11.2018, 10:20 171

Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылдық округінің жас та болса іскер әкімі Бақыт Садықова тұрмыстық қалдықтарды жинап, ары қарай өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Құрамына Переменовка, Орловка, Андроновка және Ремки секілді төрт ауыл кіретін округтің басшысы бұл мәселені көтеріп келе жатқанына да біраз уақыттың жүзі болыпты.


– Шыны керек, бұл бәрімізді алаңдатып отырған мәселе. Себебі, тұрмыстық қалдықтар округ аумағындағы полигонда шіріп жатыр. Сол арқылы топырақ құрамы мен ағын суларды ластайды. Бұл қоршаған орта үшін өте зиянды, - дейді ауылдық округ әкімі Бақыт Садықова.


Оның айтуынша, аталған жоба қалдықтарды кәдеге жарату үшін таптырмас тәсіл болмақ. Сонымен қатар, келер жылдан бастап елімізде жаңартылған Экологиялық кодекс күшіне енеді. Онда пластиктен жасалған заттарды, қағазды және шыныны жерге көмуге нақты тыйым салынған.


Қазір тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жобалық-сметалық құжаттамасы толық әзір тұр, енді тек қаржы бөлінсе іс басталмақ. Жаңа полигонда қайта қалпына келтіретін алаң, сыққыш, ұңғыма, сұрыптау блогы, қойма, дезинфекциялау бөлігі қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив