KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, З
491.71 529.97 5.05

Аягөздік Жамал Кәрімова 114 әннің авторы

14.11.2018, 09:30 302

Аягөзде асыл адам тұрады. Белгілі педагог Жамал Кәрімова елімізге танымал жан.


Сонау Таңсық ауылында тұрып, республикалық «Ақ жаулық» газетін шығарған адам. Педагогика саласында өзіндік жаңалық ашқан Жамал апайдың бір кездегі «Әдебиетпен сабақтастырылған музыка» атты пәнді енгізгені үшін «Жаңашыл ұстаз» атағының иесі атанған. Ол пән әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жойған емес. Ал апайға биыл 80 жас толып отыр.


«Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі», «Аягөз ауданының құрметті азаматы». Қазақ әдебиеті мен қазақ тілінен сабақ берген ол кісі өз жанынан ән шығарып, өзі мәтінін де жазады. Бүгінгі күнге дейін белгілі педагог Жамал Кәрімова 114 әнді сөзімен шығарған жан ретінде аудан, облыс қана емес, республикаға жақсы таныс. Ал Жамал апай қолына домбырасын алып, ән салғанда жұрт құмары қанбастан тыңдайды. Әттең! Апайымызды бүгінде кәрілік ептеп меңдеген...Ал өзі айтқандай:


Қолымда шабыт атты асыл қазық


Отырмын жырдың кенін батыл қазып.


Ісімді көңілімнің күзетшісі,


Жүректің журналына жатыр жазып,-деп жырлаған асыл адам «Мен-даланың қызымын», «Арманда кеткен ғұмыр» және бірнеше дидактикалық кітаптардың авторы.


Мұғалім ізгілік егуші,


Адамдық дәндерін теруші.


Бойынан тек қана нұр тарап,


Сәулесін басқаға беруші,-деген байырғы ұстаз өзінің жүріп өткен жолымен де, жасаған еңбегімен де сәулесін өзгелерге таратып жүр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив