KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО-да жалған қоныс аударушылар заңсыз пәтер алған

12.11.2018, 08:02 176

Заң бұзушылық халықтың қоныс аудару бағдарламасын тексеру кезінде ШҚО прокуратурасы анықтап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


2017 жылы Семейдің Жұмыспен қамту орталығына Айнабұлақ, Танат, Знаменский және Приречный ауылдық округтерінен облыс ішінде қоныс аударуға 11 өтініш түскен.


Алайда, көші-қон полициясы мен әкімдіктердің мәліметтері бойынша, бұл отбасылар аталған ауылдарда бұрын тұрмаған. Олар өтініш беруге дейін бірнеше күн бұрын ғана ауылдық округтерде тіркеліп алыпты.


Осылайша, оларға заңсыз түрде мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалпы құны 95 млн теңге құрайтын 11 пәтер берілген. Енді алған баспаналарын қайтаруға тиіс.


Алаяқтық фактісі бойынша, сотқа дейінгі тергеу бойынша 15 іс тіркеліп отыр. Мемлекеттік пайдасына 471 млн теңге өндіріп алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив