Жасанды сертификатпен ойыншық сатқан
ШҚО-дағы сауда дүкендерінде рейд жүргізілді. Нәтижесінде Алматыдан әкелінетін ЛОЛ қуыршағының сертификаты жасанды екені анықталды. Қазір алматылық мамандар істің анық-қанығын зерттеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстық А.Пушкин атындағы кітапханада өткен басқосуда техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әсем Жақсыбаева мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, жақында өңірдегі барлық сауда дүкенінен ЛОЛ атты қуыршақ алынып тасталған болатын. Әсем Жақсыбаеваның айтуынша, тексеру барысында бұл ойыншықтың жарамдылық мерзімі өзгертілгені анықталған.
– Қуыршақты сату үшін жасанды сертификатжасалып, ойыншықтың сақталу мерзімі 24.07.2017-24.07.2018 жылға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Қазір бұл істің мән-жайы тексерілуде, - дейді Әсем Жақсыбаева.