KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да сатылатын әрбір жетінші ойыншық қауіпті

29.11.2018, 03:06 155



Биылғы 10 айдың ішінде ШҚО қоғамдық  денсаулық сақтау департаменті және оның аудандар мен қалалардағы басқармаларының мамандары  сауда орындарынан 240 ойыншық сынамасын алып,тексеріп, олардың 136-сы «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған.


Ойыншықтардың санитарлық- химиялық көрсеткіштері аса жоғары. Мамандар олардан балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін зиянды қоспалардың мөлшерден тыс ( 42көрсеткіш бойынша 19 ойыншық түрінде) көптігін анықтап отыр. Ойыншықтар сынамасының 1/7 бөлігі санитарлық талаптарға сай емес болған. Сауда орындарынан тексеруге алынған ойыншықтарда фенол 10 есеге, изопропил спирті  20 есеге, ацетон 5 есеге, формальдегид 3 есеге, кадмий  2 есеге  дейін артық мөлшерде екендігі анықталған Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов қазіргі таңда облыстың ойыншық саудасы нарығындағы ойыншықтардың әрбір екіншісі  ойыншықтардың техникалық талаптарына сай еместігін, әрбір жетіншісі қауіпті екенін айтады.


Сапасыз ойыншықтарды сауда айналымынан шығару үшін ойыншықтарды саудалаушылар мен жеткізуші тұлғаларға 1 115 820 теңге айыппұл салынып, 42 саудалаушыға ұйғарым берілген. Саудадан  94 келі  ойыншық тәркіленген.


Өткен қазан айында ойыншықтарды жеткізумен айналысып келе жатқан  жеке кәсіпкер А.Т.Ордабаева жауапкершілікке тартылып, осы кәсіпкер жеткізіп отырған ойыншықтардың бірнеше түрі саудадан алынған. Кәсіпкер біздің облысқа  ғана емес, Ақмола, Павлодар өңірлеріне де ойыншық жеткізумен айналысқан. Тексеру нәтижесінде осы тұлғаның  жеткізуімен сатылып жатқан санитарлық-  химиялық көрсеткіштері бойынша тиісті талаптарға, техникалық талаптарға  сәйкес келмейтін  86 келіге тарта ойыншықты сауда айналымынан алуға тура келген. Олар: «LOL сюрприз» қуыршақ ойыншықтары, резеңкеден жасалған «Жабайы жануарлар»,  «Логика» ойыншық машиналары. Сапасыз ойыншықтардың бәрі  арнайы пеште жағылып, жойылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив