Шығыста елік етін артқан Toyota Land Cruiser көлігі тоқтатылды
Алматы – Өскемен тас жолында Toyota Land Cruiser автокөлігінен заңсыз атылған еліктің еті тәркіленді.
Шығыс Қазақстанда «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтіп жатқандығы мәлім.
Сонымен, 22 қазан күні Алматы – Өскемен жолының 750-інші шақырымында аталмыш көлік тоқтатылады.
– 42 жасар күдіктінің көлігінде мылтық пен еліктің тұтастай еті болды. Мылтық құжаттары бар екен, бірақ аң атуға рұқсат қағазы жоқ, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы. – Қылмыстық кодекстің 337 бабына сай, күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Айта кетейік, «Браконьер» іс-шарасының аясында 103 құқықбұзушылық оқиға анықталған.