KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Семейде мотоцикл мен автокөлік соқтығысты (фото, видео)

19.10.2018, 06:10 233

Кеше Семей қаласының Дулатов көшесінде жол апаты орын алды. Жеңіл автокөлік пен мотоцикл соқтығысты. Соққыдан мотоциклші автокөліктің үстінен ұшып түскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл оқиғаның бейнежазбасы қазір әлеуметтік желіде таралып жатыр. Онда Дулатов көшесінің бойымен қозғалып келе жатқан мотоциклдің  көше қиылысынан шыға келген автокөлікке соғылғанын анық көруге болады. Жүргізуші көліктің үстінен ұшып түседі.


Болған жол-көлік оқиғасына қатысты әзірше ресми ақпарат жоқ. Дегенмен, желі қолданушылары орын алған жағдайға жол қиылысынан шыққан автокөлік жүргізушісі кінәлі екенін жазуда. Олардың айтуынша, автокөлік мотоциклге жол беру керек болатын.


Айта кетсек, зардап шеккен мотоцикл жүргізушісі аса ауыр жарақат алмаған көрінеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив