KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
518.14 537.57 5.27

Халықаралық жиын сәтті аяқталды

25.06.2024, 12:42 212 Анель Слямғазықызы

«Айбын — 2024» халықаралық әскери-патриоттық жиында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған «Сұңкар» командасы «Айбын Жұлдызы» номинациясына ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған "Айбын — 2024" халықаралық әскери-патриоттық жиынына Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғыстан, Ресей, Белорусия және Қазақстан елдерінен 45 жас әскери патриоттық командалар қатысты. Бірнеше күнге созылған ауқымды әрі маңызды жарыста Шығыс Қазақстан облысын таныстырған «Сұңкар» командасы жалпы командалық есеп бойынша 13 орынға жайғасты.

«AIBYN-2024» халықаралық әскери-патриоттық жиын барысында жас сарбаздар сан қилы тапсырмалармен сыналды. Нәтижесінде шығысқазақстандық «Сұңкар» командасы «Айбын Жұлдызы» номинациясына ие болды, ал команда мүшесі Аружан Матоктанова «Үздік жас сарбаз- жас тілшісі» номинациясында гран приге ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу