KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды

19.09.2018, 04:07 150

Қазан айынан бастап студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған үш жылдық бағдарлама қолға алынады. Оған республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі 24 kz. сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы жоғары оқу орындары және колледж басшыларының Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұловпен өткен кездесуінде айтылды.


Еліміздің Білім және ғылым вице-министрінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша қазір 30 мың студентке жатақханадан орын жетпейді. Бұл кемшілікті жою үшін қазір қала ішінен 32 жер тілімі қарастырылған. Қазір 5 университетте жатақхана құрылысы басталды. Тағы 24 жоғары оқу орны қаржыландыру көзін тауып, 14 университет жатақхананы өз қаржыларына салуды жоспарлап отыр. Алғашқы нысандар келесі айда пайдалануға берілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив