KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОБ
441.41 477.78 4.84

Үш студенттің біреуіне ғана жатақхана бұйырып келеді

26.03.2018, 05:31 223

Еліміздегі бірегей жоғары оқу орындарының бірі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да бүгінде 5000-нан астам студент оқып жатыр. Оның 2375-і қаладан тыс жерлерде тұратын студенттер. Ауылдардан, басқа қалалардан келіп оқып жатқан сол жастардың 1065-і ғана жатақханамен қамтылған.


Былтыр оқу жылы басталарда университеттің 500 студенті жатақхана сұрап өтініш жазғанымен, олардың өтініштері қанағаттандырылмаған. Себебі, оқу орнының жатақханаларында оларды тұрғызатын орын мүлде жоқ. Орынның жоқтығынан сол студенттер қаланың түкпір-түкпірінен пәтер жалдап, сабақты, тамақты, пәтерақы, жолақыны ойлап шақша бастары шарадай болып жүр. Бұл бір ғана Д.Серікбаев а

тындағы ШҚМТУ-дың емес, облысымыздағы, еліміздегі бүкіл жоғары және орта оқу орындары студенттерінің басындағы жағдай. Соңғы

жылдарда жүргізілген әлеуметтік талдаулар еліміздегі үш студенттің біреуіне ғана жатақхана бұйырып келе жатқанын көрсеткен.


ШҚМТУ-да қазір жаңа жатақханамен қосқанда үш жатақхана бар. Жаңа жатақхана 2015 жылы республикалық бюджет қаржысына салынып, пайдалануға берілді, онда 500 студент тұрып жатыр, университеттегі шетелден келген оқытушылар да осында тұрады. Оқу орнына екі жыл бұрын ғана жатақхана салынғанымен студенттерге жатақхана әлі де жетпей отыр. Өйткені, университетте «Серпін» бағдарламасымен өзге облыстардан келген 700-ден астам студент оқып жатыр. Сонымен бірге, оқу орны былтырдан бері «Foundation» бағдарламасымен Қытай,

Моңғолия елдерінен келген 60 жасты даярлық курстарына қабылдаған.


Сәуле Рахметуллина, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры:


-Президент бастамасына орай биыл студенттерге тағы бір жатақхана саламыз деп жоспарлап материалдары құнының қымбаттауына байланысты оған ішінара өзгерістер енгізіп, жаңартып жатырмыз. Жаңа жатақхананың жанына салынатын бұл жатақхана да 500 орындық болады. Үлкен қалаларда университеттің жанынан жатақхана салуға жер жоқ, ал алысқа салса, студенттерге алыстан қатынап оқу қиындығы, жол қатынасы шығыны, уақыт шығыны мәселелері сияқты қосымша қиындықтар туады. Бір жақсысы, бізде ондай мәселе жоқ, қалашықтың аумағы үлкен, жатақхана салатын жеріміз бар, оған қажетті барлық коммуникациялар да бар. Құрылысты биыл бастаймыз.

Университетте жатақхана ең алдымен көпбалалы отбасынан шыққандарға, әке-шешесі жоқ балаларға, табысы аз отбасыларының балаларына беріліп отыр. Сонымен бірге, 1, 2-курстың балаларын да толық қамтамасыз етуге тырысуда. Үлкен курстың балалары пәтер жалдауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив