KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

1 қыркүйекке дейін Семейде 800 орындық екі жатақхана пайдалануға беріледі

11.06.2018, 08:38 118

Шығыстың білімді жастары жатақханасыз қалмайды. Облыс әкімдігі студенттер үйінің құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырмақ. Алдыңғы аптада Семейге келген аймақ басшысы, жеке кәсіпкердің қаражатымен күрделі жөндеуден өткен жатақхананы аралап көрді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Титов көшесінде орналасқан бұл ғимарат, кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың интернаты болған. Бірнеше жыл бойы бос тұрған ғимаратты жеке инвестор сатып алып, оған күрделі жөндеу жүргізген. Атап айтқанда, мұнда су құбыры, электр және кәріз жүйелері, сондай-ақ жылу жүйелері толығымен жаңасына ауыстырылды. Сонымен қоса жаңа терезелер орнатылып, еурожөндеу жұмыстары атқарылыпты. Негізінен бұл нысан 350 орынға шақталған. Енді инвестор, ШҚО әкімдігімен келісе отыра, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ғимаратты Қалматаев атындағы медициналық колледжге жатақхана ретінде жалғаға бермек. Кәсіпкердің бұл ойын облыс әкімі құптап отыр.


- Президенттің студенттерді жатақханамен қамту тапсырмасына келер болсақ, осы жылы облыстық білім басқармасының қаржыландыруымен электротехникалық колледждің жатақханасын қайта қалпына келтіреміз. Және де осы ғимаратты ретке келтірген кәсіпкермен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жасалатын болады. Осылайша 1 қыркүйекке дейін Семей қаласы, 800 орынға арналған екі жатақханамен толығады. Тұтастай келгенде, жақын уақытта 11 жатақхананы ретке келтіруіміз қажет. Оның екеуін іске қосатын күн алыс емес. Қалған 9-ы бойынша жер учаскілері берілді. Соған сәйкес жобалау жұмыстары қарқын алды. Олардың ішінде біреуінің құрылысы басталыпта кеткен, - деп атап өтті Даниал Ахметов.


Айта кетейік, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» негізінде 2022 жылдың соңына қарай, Қазақстанда студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу көзделген. Бұл ретте Қарағайлы шағын ауданында, медицина университетіне қарасты тағы бір жатақхана бой көтеріп келе жатқанын айта кеткен орынды. Осы күндері оның құрылысы үдей түскен. Жобаға сәйкес, 5 қабатты нысан 7 корпустан тұратын болады. Оның нәтижесінде қосымша 1000 студенттің әлеуметтік мәселесі шешілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив