ШҚО-да балалар арасында өлім-жітім жиілеп кетті
Мұндай қорытындыны ШҚО статистика департаменті жасап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2017 және 2018 жылғы мәліметтерді салыстырып қарағанда, биылғы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында бір жасқа дейінгі 105 нәресте шетінеп кеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22,1 пайызға жоғары.
Балалар арасындағы өлім-жітім перинаталдық мерзімде пайда болатын патологиялармен жиі байланысты екен: тыныс органдарының аурулары, туа біткен ауытқулар, инфекциялық және паразитарлық аурулар.
Дегенмен, жақсы жаңалықтар да бар. Жарты жыл ішінде ШҚО-да 10 912 бала дүниеге келген.
Оқи отырыңыз