Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Аягөз ауданына барды
Бүгін, яғни 14 қыркүйекте облыс әкімі Даниал Ахметов Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы және Астана қаласының 20 жылдығына арналған Аягөз ауданы күні аясында өтетін «Аягөз ауданының рухани және тарихи-мәдени мұрасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысады.
Сонымен қатар, 600 орындық жаңа қазақ мектеп-лицейінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттердің жұмыстарымен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған инсульттік орталықтың қызметімен, аулаларды абаттандыру бағдарламасын (7 көшеде ойын алаңы орналасқан) іске асыру барысымен танысады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бірінші сыртқы істер министрі, Шығыс Қазақстан облысы және Аягөз ауданының құрметті азаматы Т.С.Сүлейменовтың жүлдесіне арналған бокстан республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.
Аягөз ауданы күні аясында «Туған жер - тұғырым» атты ақындар айтысы өтіп, мерекелік кеш соңы Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концертпен қорытындыланбақ.
Аягөз ауданында өтетін іс-шаралар туралы толық мәліметті сайтымыздың лентасынан оқи отырыңыздар.