Зайсан ауданындағы ауыл көшелері жөнделуде
Сарытерек ауылдық округіне қарасты Шалқар ауылындағы Байботанов көшесінде орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары басталды. Айта кетейік, бұл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Енді Шалқар ауылының тұрғындары автокөлік құралдарымен жүйткіп жүретін болады. Бұл, ең алдымен, жерлестеріміздің тұрмыс-тіршілігін жақсартуға мүмкіндік бермек, - деді аудандық әкімдіктегілер.
Жөндеу жұмыстары аяқталған соң Шалқар ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1,5 шақырым жолға асфальт төселеді деп күтілуде.
Ажар Сағатпекова