KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Өскемендіктер латын қарпімен диктант жазуға дайындалып жатыр

12.09.2018, 10:53 289

Қыркүйектің 14-ші жұлдызында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасында Өскемен қаласының 298 жылдығы мен алдағы Тілдер күніне орай диктант ұйымдастырылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Диктант мәтініне Өскемен бекінісінің ХІХ ғасырдағы даму тарихынан үзінді алынды. Бұл диктанттың басты ерекшелігі ол алғаш рет қазақ тілінің жаңа әліпбиі латын қарпімен жазылмақ.


Кітапхана қызметкері Шекер Нұрғалымқызы мәтінге Астана қаласындағы «Тіл қазына» орталығының маманы Анар Мұратқызы Фазылжанова талдау жүргізетінін айтады. Сөйтіп қатысушылар осы талдау бойынша жіберген қателерін жөндеп, жаңа әліпбиді оқып-үйрену дағдыларын бекітуге мүмкіндік алмақ.


Сонымен бірге, дикант жазушылар Өскемен қаласының өткен тарихы 19 ғасырдағы Синьцзянь, Кашмир, Тибетпен сауда-саттық, Семей, Өскемен, Зайсан арқылы орыс-моңғол саудасы, Ертіс бойында алтын өнеркәсібінің дамуы, алғашқы мәдениет мекемелерінің ашылу тарихынан мағлұматтар алады.


Диктант жазуға студенттер, мектеп мұғалімдері, жоғарғы оқу орнының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив