KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Семейлік хирургтар ерекше ота жасады

22.08.2018, 12:00 247

Семейде ерекше оқиға орын алды. Жаңадан ашылған Политравма және ортохирургия орталығының мамандары, 82 жастағы әйелді ауыр жарақатынан құтқарып қалды.


Дәлірек айтқанда, егде жастағы науқасқа дәрігерлер сан сүйегі мойынының сынығы диагнозын қойған еді. Соның салдарынан қанның ұйылу жағдайы жиілеп кеткен көрінеді.


Семейлік хирургтер көп күттірмей кейуанаға ота жасаған. Алдымен ақ халаттылар Кава-сүзгішін (Кава-фильтр) орнатқан. Келесі кезекте оң жақ жамбас буынына цементсіз жаппай эндопротездеу амалын қолданған. Қазір науқас оңалту кезеңінен өтуде. Айта кету керек, бұрындары ортопедиялық аурулары бар қарияларға операция жасау қиынға соғатын. Бүгінде инновациялық технологиялардың көмегімен, сондай-ақ білікті мамандардың арқасында бұл мәселеде шешімін тауып отыр. Жоғарыда айтылған отаны, Политравма және ортохирургия орталығының ұжымы өз күштерімен жүргізген екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив