KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Семейлік дәрігерлердің өнертабысына сұраныс артуда

11.01.2019, 04:20 149

Pneumatic anti-shock pelvic belt (PAPb) немесе шокқа қарсы пневматикалық жамбас белбеуі. Шыққанына 1 жылда толмаған бұл медициналық құрылғыға сұраныс күн санап артып келеді. Ол шұғыл көмек көрсетуде, нақтырақ айтқанда жамбас сүйектерінің жарақатын алдын алуда таптырмас құрал. Оның артықшылығы турасында Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетінің PhD докторанты Эльнара Эфендиева кеңірек айтып берді. 


Бұл өнертабыстың көмегімен жамбас жарақатынан келетін өлім-жітімді, сондай-ақ, мүгедекті алдын алуға болады. Әсіресе оның тиімділігі, жедел медициналық жәрдем қызметінде және оңалту кезеңінде айқын байқалып келеді. Жасыратыны жоқ, Қазақстан жолдарындағы тіркелетін өлім-жітімнің саны көбеймесе, азаймай тұр. Аман қалғанның өзінде төсекке таңылған адамдардың саны қаншама?! Міне осы бұрыс статистикаға жол бермеу үшін семейлік ақ халаттылар бірегей құрылғыны ойлап тапқан. Негізгі идея – СММУ-нің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы травматолог-ортопед дәрігер Ерсін Жүнісовке, сол секілді Астанадағы №1 қалалық аурухананың политравма бөлімінің мамандарына тиесілі. Осы жобаны жүзеге асыруға медицина университетінің PhD докторанты Эльнара Эфендиевада атсалысқан. Медициналық аппарат Білім және ғылым министрлігі тағайындаған арнайы грант есебінен әзірленді.


-Біздің құрылғыда арнайы ауа айдағыш сорғы орнатылған. Сол арқылы ауа біркелкі жіберіледі. Тағы бір артықшылығы, белбеуді таққанда жамбас сүйектерінің көлемі ықшамдала түседі. Нәтижесінде артериалдық қысым көтеріліп, ауырсынудың белгілері кетеді. Тәжірибе көрсеткендей, шұғыл жағдайда пневматикалық жамбас белбеулерінің оң әсері көп. Мәселен, госпитализацияның ұзақтығы қысқарып, көктамырдағы инфузияларға жол берілмейді. Тіпті оны шешуден бас тартып, сонымен жүре беруді қалаған емделушілерде болды, - деп атап өтті Эльнара Эфендиева.


Құрылғының мүмкіндіктерін тексеру мақсатында, клиникалық сынақтар Семейден бөлек Алматыдағы №4 қалалық аруханада және Астанадағы №1 қалалық ауруханасында жүргізіліпті. Мамандар медициналық жабдықты оң бағалап отыр.


-Бұл әсіресе науқас адамдарды жедел жәрдем көлігімен тасымалдауда аса қажет. Бұған дейін жамбас жарақатын жайалықтың көмегімен бекітетін. Енді оның орнына пневматикалық белбеу қолданылады. Айырмашылығы жер мен көктей. Семейде онға жуық адамға пайдаланып көрдік. Астана мен Алматыдағы көрсеткіштер бұдан аз емес. Сынақ түрінде 10 белбеу ғана дайдандалған еді. Әйтсе де өніміміз ресми патент алған соң, кең көлемде өндіріске жолдануы ықтимал. Ресми түрде 2020 жылы қолданысқа енгізіледі деп жоспарлануда. Айта кеткен жөн, осы жабдықты дайындауда бізге Семейдегі тігін фабрикасыда қол ұшын созған болатын.


Ғылыми жоба респбуликадағы жедел медициналық көмекті жетілдіруге көзделген. Ол 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде орындалуда. Жамбас сүйектерінің зақымдануы – бұл ең ауыр жарақат түрінің бірі. Қиындығы сол, оның салдарынан көп мөлшерде қан кетіп, адам қатты ауырсынуы ықтимал. Қазақстанда тіркелетін өлімнің үштен бір бөлігіне де осы себеп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив