KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Семейде иық буынына бірегей ота жасалады

29.10.2018, 09:15 216

Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында, иық буынын эндопротездеу бойынша тың операция жасалады. Мұндай күрделі ота Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағында тұңғыш рет қолға алынбақ. Бұл туралы Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Иық буынын эндопротездеу – бұл жарақат немесе ауру салдарынан өзгерген, жауырынның сыртқы буындарын және иық сүйегін жасанды импланттың көмегімен қалпына келтіру. Эндопротез иық буыдарына тән, барлық қозғалыстарды орындауға қауқарлы. Аталмыш импланттар, пластикалық протезге орнатылған металлды шардан тұрады. Атап айтқанда, соңғы үлгідегі импланттар кобальт-хром қоспасынан әзірленген және иық пішіндес болып келеді. Сонымен қоса аяқшасы титаннан құйылыпты.


Негізінен бұл протездің екі түрі болады екен. Олар ревирсивтік және анатомиялық эндопротез. Бірегей отаны орындап, тәжірибемен бөлісу үшін Астанадағы №1 клиникалық аурухананың, Политравма және ортохирургия орталығының жетекшісі, м.ғ.к. Аслан Султангереев, сондай-ақ Политравма және ортохирургия орталығының меңгерушісі, м.ғ.к. Руслан Ботаев арнайы келеді деп күтілуде. Шеберлік сағатына Өскемен қаласы мен басқада өңірлердің травматолог мамандары қатысатын болады. Айтулы оқиға қарашаның 2-де өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив