KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Өскеменде тұрмыстық техника дүкенінің қызметкері смартфон ұрлады

17.08.2018, 06:01 169

Өскемендегі ірі тұрмыстық техника дүкендерінің бірінің қызметкері жұмыс орнынан 1 млн. теңгенің смартфондарын ұрлап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Полиция қызметкерлеріне дүкеннің менеджері арызданған екен. Оның айтуынша, 11-14 тамыз аралығында белгісіз адамдар дүкен сөресінен үш ұялы телефонды ұрлап кеткен. Келтірілген залалдың мөлшері 1 млн. теңгені құрайды екен.


Оқиғаның мән-жайын тексеру барысында бөтен адамдардың дүкенде ұрлық жасауға мүмкіндіктері жоқ екені анықталды. Нәтижесінде ұрлық жасаған осы дүкеннің қызметкерлерінің бірі болып шықты.


32 жастағы ер адам ұрлық жасағанын мойындап отыр. Бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив