KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Қазақстанда шетелдік 88 телеарнаның қызметіне тиым салынуы мүмкін

8.08.2018, 11:38 109

Қазақстанда бірнеше телеарнаға тыйым салынады, деп  хабарлайды Алтайньюс тілшісі.Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Ақпарат және коммуникация министрлігі мәліметінше, «Теледидар және радио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (18-1-бап) 2017 жылы енгізілген өзгертулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында хабар тарататын барлық шетелдік теле және радиоарналар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны тіркеуге міндетті.


– Аталған Заң өз күшіне 2018 жылдың 9 қаңтарында енгендіктен шетелдік теле-радиоарналар алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) ағымдағы жылдың 9 шілдесіне дейін тіркеуге міндетті болған, – дейді министрлік өкілдері.

Осы уақытқа дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 307 шетелдік телерадиоарна тіркелсе, олардың 219-ы өз өкілдіктерін ашқан. 88-і мүлдем ашпағаны көрінеді.


Қазақстан аумағында өз өкілдіктерін ашпаған телеарналар тізімінде Киносоюз, THT-Comedy, НТВ-ПЛЮС 3D, КИНОЛЮКС, RU.TV, Дождь, Джей Си Ти Ви, Universal Channel және тағы басқалары бар.


Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың басынан бастап министрлік өз өкілдіктерін ашпаған, шетелдік теле және радиоарналардың иелерімен өз қызметін Қазақстан заңнамасы талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Қазақстан аумағында хабар таратуын жалғастыруға қызығушылық танытатын шетелдік теле және радиоарналар өз өкілдіктерін ашып, қайтадан тіркеуге тұруы қажет болған.


Дәл қазір министрлікте 88 арнаның ел аумағында хабар таратуын тоқтатуды қарастыратын бұйрықтар әзірленіп жатқан көрінеді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив