25 балл алған түлек «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша грантқа түсті
Биыл шетжұрттағы қазақ жастарының 862-сі білім грантына ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Олардың ішінде жоғарғы ұпай жинаған екі талапкер (екеуі де 133 балл жинаған) «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты бақылау», «Жалпы медицина» мамандықтарын оқитын болды.
Төмен ұпай алғандар (25-26 балл) «Дене шынықтыру және спорт», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарына оқуға түсті. Ал талапкерлердің басым көпшілігі «Ақпараттық жүйелер», «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» сынды мамандықтарға қызығушылық танытқан.
Қайталап айтайық, бұл – Қазақстан Республикасының азаматы болып саналмайтын қазақ жастарына бөлінген білім гранттары.