KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Су жағасына балалармен барғанда естен шығаруға болмайтын ең басты ережелер

18.07.2018, 08:33 146

Қазақстандық құтқарушылар суға балалармен бірге шомылған кезде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Көптеген отбасы жаздың ыстық күндерін су жағасында өткізгенді қалайды. Үлкендер мен кішкентай балалар да қуана суға түсіп, таза ауамен демалып, күнге қыздырынады. Бірақ суға түскен кезде қауіпсіздікті назардан қалдырмау керек», - дейді төтенше жағдайлар қызметінің мамандары.


Осыған орай құтқарушылар мынадай кеңес береді:


- Балаларға үлкендердің қарауыңсыз суға шомылуға рұқсат етпеңіз, әсіресе үрлемелі матрастар немесе үрлемелі доңғалақтармен;


- Суға тек күртеше немесе жеңге киетін құтқару құралдарымен ғана жіберіңіз;


- Судың астына тығылатын немесе бір-бірін тұншықтыратын ойындарды ойнауға рұқсат етпеңіздер. Мұндай ойындардың арты қайғылы оқиғаларға алып келеді;


- Шомылу белгілері жоқ және таныс емес жерде сүңгуге рұқсат етпеңіздер, ол жерлерде болуы мүмкін тастар мен ағаш қалдықтары жарақат алуға себеп болуы мүмкін;


- Суық тимеуі үшін баланың суда шомылу уақытын қадағалаңыз;


- Күн сәулесінен күйіп қалмау үшін баланың денесіне арнайы күннен қорғайтын жақпай май жағыңыз.


Дегенмен, төтенше жағдайлар қызметінің басты кеңесі баланы суда қараусыз қалдырмау болып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив