KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 2 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Шомылу маусымы басталмай жатып Өскеменде тағы бір адам суға кетті

4.06.2017, 18:00 158


3 маусым күні котловандардың біріне шомылып жүрген жас жігіт жағалаудың тым алыс жерге жүзіп кетіп, шаршағандығынан жағаға қайта жете алмай батып кеткен.

- Шомылу кезінде жағалаудан ұзақ қашықтыққа жүзіп кеткен 20 жасарқала тұрғыны суға батып кетті. Оқиға куәгерлерінің айтқандарына қарағанда, жігіт шомылуға рұқсат берілмеген жерде суға түскен. Оның денесі Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері көмегімен судан шығарылды, - деп хабарлады Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз-қызметі.

Құтқарушылардың айтуынша, бұл осы жылдағы сумен байланысты үшіншіқайғылы оқиға. Сондықтан жаз бойы суға түсетін қала тұрғындарын барынша қауіпсіздендіру үшін құтқарушылар барлық қалалық жағажайларда бақылау жүргізуде.

- Қауіп-қатердің дер кезінде алдын алу – біздің басты мақсатымыз. Сол себепті суға түсу маусымы аяқталғанша біз осындай рейдтерді жүргізбекпіз. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз еті үшін қалалықтар пайдаланып жүрген суға шомылуға арналмаған орындарды анықтап, кейін сол жерлерде де патруль қызмет ұйымдастырамыз, - деп мәлімдеді Өскемен ТЖБ.

Гүлжан Естаева




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив