KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, З
441.66 475.14 4.86

Күршімдіктер көптен күткен тротуар салынып жатыр

13.07.2018, 05:38 99

Күршім ауданы орталығындағы Барақ батыр көшесінің  Күршім гимназиясынан Бунтовских көшесіне дейінгі аралыққа жаяу жүргіншілер жолы салынуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жаңа білім ошағы бой көтергеннен бері Барақ батыр көшесі бойында оқушылар тас жолда көліктермен жағаласа жүріп, өмірлеріне қауіп төндіре мектепке барып жүргендері көпшілікке мәлім. Бұл мәселені бірнеше жыл қатарынан талмай көтерген күршімдік зейнеткер, еңбек ардагері Алтынғазы Мадиевтің сұранысы биыл қанағаттандырылып, жаңа оқу жылында балалар мектепке тротуармен баратын болды.


- Гимназия салынғаннан бастауыш сыныптағы немерелерімді жетектеп осы көшемен сабаққа апаратынмын. Сол кезде көліктердің жүргіншілерге қауіптілігін байқап, бірден жергілікті  әкімдікке тротуар қажеттілігі туралы сұраныс білдірдім. Әрі гимназияның ашылу салтанатында облыс әкімі   тротуардың міндетті түрде салынуы қажеттігі туралы айтқаны ауыл тұрғындарының есінде. Бұл істің кеш те болса қолға алынып, биылғы жаңа оқу жылында балалардың жол шетіндегі жаяу жүргіншілер жолымен жүретіндігіне қуаныштымын,-дейді ақсақалА.Мадиев.


Ені 120 см тротуарды «Жаңа ғасыр технологиясы» ЖШС салуда. Басшысы Азамат Нукаевтың қол астындағы ағайынды Алмас, Айдар Атамановтар, Аслан Айтжанов пен Алмас Ахмадиев жүргінші жолын бетон жиектаспен жиектеп, асфальт жабын салуда. Аптап ыстыққа қарамастан дамыл таппаған жұмысшылар жоспарланған жұмыс ауқымын аяқтап қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив