KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 3 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Семейдегі ең мерген полицей анықталды

5.07.2018, 03:44 203

Астана күні мерекесі қарсаңында Семейдегі «Динамо» атыс тирінде қалалық ішкі істер басқармасының түрлі маңызды бөлімдері арасында қызметтік қару «Макаров» тапаншасынан оқ атудан жарыс өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Жарысқа Орталық, Затон, Әуезов полиция бөлімдерінен, Жол-патрулдік полиция баталонынан, Жол-патрулдік полиция ротасынан, ІІБ аппаратынан, Тергеу бөлімінен, Кадр жұмысы бөлімінен, жедел-криминалистика бөлімінен және ЖҚАЖ ерлермен бірге әйел қызметкерлер де қатысып отыр,-деді Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,-іс-шара экстремалды жағдайларда құқық қорғау қызметкерлерінің шұғыл қимылдап, дәл атуын жетілдіруге арналған. Қызметкерлерімізді спортпен жүйелі түрде айналысуға тартудамыз. Сондықтан осы спорт түрінен жеңімпаздарды анықтау мақсатында Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырдық. Полиция қызметкерлерінің жұмысы алға озу үшін олардың жалпы жауынгерлік дайындығы дұрыс болуы керек. Мергендіктеріне де тікелей байланысты.


Сонымен сайыс барысында полицей қыздар 3 реттен 5 сынақ бойынша атты.


-Жарыс қорытындысында ерлер арасында қанжығасына 45 ұпай байлап, өзгелерден құралайды көзге атқан мерген екенін дәлелдеген ЖППБ кадр және даярлық тобының аға инспекторы полиция капитаны Арсен Бұтабаев Бас жүлде бұйырғанына қуаныштымыз,-деді Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,-оған бір ұпай есе жіберген кадр жұмысы бөлімі қызметті ұйымдастыру және өткеру бөлімшесінің бастығы полиция майоры Еркебұлан Жаркенов екінші орынға, ал, 43 ұпай жинаған ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Елдар Бауыржанұлы үшінші орынға табан тіреді.



Мергендіктерімен көзге түскен ару қыздардың ішінен Орталық ПБ тергеушісі полиция аға лейтенанты Ақерке Сакенова 38 ұпай санымен 1 орынды иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды 37 ұпаймен ақпараттық-аналитикалық тобының технигі қатардағы полицей Маржан Байсымакова жеңіп алды. Ал 36 ұпаймен ІІБ Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Мадина Қылышпаева 3 орынға шықты.


Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Динамо» атынан медальдар мен марапаттарға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив