KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Самбо саңлақтары анықталды

12.12.2017, 05:56 205

«Динамо» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының 92 жылдығына орай құқыққорғау органдары, күштік және арнайы құрылымдар қызметкерлері арасында самбодан чемпионат өтті. Чемпионатқа Семей қаласы ІІБ, Жедел қимыл арнайы жасағы, «Шығыс» Әскери Қолбасшылығы, ОВ-156/14, ОВ-156/16 мекемелері, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, Семей станциясындағы Желілік ІІБ командалары қатысты. Чемпионатқа қатысушылар 57 кг бастап 100 килограммнан аса салмақтағы сегіз санатта бақ сынады. Чемпионатты ұйымдастырып, өткізуге қоян-қолтық ұрыс, қазақша күрес және самбо бойынша спорт шебері, бірнеше спорттық турнирдің жеңімпазы, чемпионаттың бас төрешісі Семей қаласында орналасқан ШҚО ІІД Жедел қимыл арнайы жасағының командирі полиция капитаны Ербол Қайратұлы Ризин белсенді түрде ат салысты.



-Құқыққорғау органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін, оның ішінде бірінші кезекте бейбіт тұрғындардың құқықтарын қорғау бойынша міндеттерін абыройлы орындау үшін үнемі ұрыс тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс,-деді жарыс барысында бізбен сұхбаттасқан Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,-сондай-ақ, дене шынықтыру үшін әрі психологиялық тұрғыда да, сол сияқты жауынгерлік қару қолдануға да дайын болуға міндетті. Сондықтан осындай жарыстар өз кезегінде ынталандыру болып табылады. Олардың қабілетін тексеруге осындай жарыстар себепкер. Өйткені, табандылыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа және тәртіп дағдыларын қалыптастырады.



Спорттың жекпе-жек түрлерінің ішінде самбо спорт мамандары тарапынан шынайы өмірде қарсыласын жеңудің ең тиімді түрі ретінде өз бағасын алғаны белгілі. Жекпе-жек өнерінің қолайлы әдістерін жинақтаған бұл спорт түрі көбіне Қарулы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында дәріптеліп, меңгеріледі. Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жүлдегерлер анықталды, 57 келі салмақ дәрежесінде: 1 орын Самбо бойынша спорт шебері Айдынбек Кульчубековке (ЖҚАЖ), 62 келі салмақ дәрежесінде: 1 орын Самбо бойынша спорт шеберлігіне үміткер Әділет Ахмеровке (ЖҚАЖ), 74 килода Бақытжан Жақиянов– ЖҚАЖ, 82 келі салмақ дәрежесінде Жастілек Тұрсынов ЖҚАЖ, 90 келіге дейінге салмақ дәрежесінде 1 орын Қалкен Умербаев –«Шығыс» ӘКҚ-сінен, 100 келіге дейін салмақ дәрежесінде, 1 орын спорт шебері Асқар Жомабаев, «Шығыс» ӘКҚ, 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде: 1 орын Ерахмет Хасановке (ЖҚАЖ) берілді. Жалпы командалық есепте І орынды Жедел қимыл арнайы жасағы, ІІ орынды «Шығыс» ӘКҚ, ІІІ орынды ОВ 156/14 мекемесі иеленді. Жеңімпаздар медалдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив