Қазақстандағы ең қауіпті мамандықтар туралы айтылды
Еңбек және әлеуметтік сақтандыру министрлігінде жарақат алу мүмкіндігі ең зор өнеркәсіп түрлерін атады, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.
Ведомствоның айтуынша, 2017 жылы еліміздегі кәсіпорындарда болған оқыс оқиғалардың салдарынан 1 678 адам жапа шегіп, оның 244 қайтыс болған. Осындай қауіп-қатерлер ең көп кездесетін өнеркәсіптің бірі ретінде таулы-металлургия кешені аталды. Онда оқыс оқиғалардан жапа шегушілер 16 пайызды құрап отыр. Екінші кезекте құрылыс өнеркәсібі 15,2 пайыздық көрсеткішке ие.
Сондай-ақ үстіміздегі жылдың өткен бес айында ел кәсіпорындарында тұтас 579 адам өндірісте жарақат алып, 70-і көз жұмған.
– Жалпы алғанда елімізде өндірістік жарақат алу азайып келеді. Соңғы бес жылда 16 пайызға дейін төмендеді – деді министрлікте.