KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
489.36 533.45 4.99

ШҚО-да өндірістік жарақат алу азаймай тұр

27.04.2018, 12:46 172

Біздің өңірде өндірістік, өнеркәсіптік кәсіпорындар көп шоғырланған. Соған орай өндірісте болатын қайғылы апаттар мен жарақаттар алу көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Әсіресе, үлкендерге қарағанда жұмысқа жаңа келген жастар мұндай жағдайға жиі тап болатыны анықталған.


Сондықтан, «Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі биыл жас жұмысшылардың еңбегін қорғауды жақсартуға және балалар еңбегін біржолата тоқтатуға баса көңіл бөліп, қоғамның назарын осы мәселеге аударуды мақсат етіп отыр. Бұл жөнінде аталмыш орталықта өткен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған облыс активінің жиынында айтылды.


–Біз жыл сайын статистикалық мәліметтерді жариялап тұрамыз. Өткен жылы 19 адам қаза тапса, 100-ден аса адам ауыр жарақаттар алған. Барлық жағдайлар жіті тексерілді, олардың отбасыларына тиісінде төлемдер төленді. Мың адамға шаққандағы коэффиент бойынша бұл республикада орташа көрсеткіш, - деді облыстық мемлекетік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.

«Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Мұрат Құдабаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыста өндірістік жарақаттар мен апаттардың салдарынан 48 жұмысшы зардап шексе, олардың алтауы қайтыс болған.


– Соңғы бес жылдың көлемінде өңірде зардап шегушілер саны тұрақты түрде төмендегі байқалады. Алайда, өндірістік жарақат алу көрсеткіші еш ақтаусыз жоғары күйде қалып отыр. Бірінші орында тау-кен металлургия өнеркәсібінде жарақат алу тұр, еншісінде – 15 адам. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге дейін артқан. Жарақат алудың көбеюі энергетика, автомобиль көлігі кәсіпорындарында, ауылшаруашылығында байқалды. Керісінше, бюджеттік мекемелерде, шағын және орта бизнесте, құрылыста айтарлықтай азайып отыр, - дейді Мұрат Құдабаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив