KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Instagram қолданушылары жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізетін болды

22.06.2018, 08:12 196

Instagram парақшасын тұтынушылар саны 1 млрд-қа жетті. Сервис орталығы қолданушыларына жалпы ұзақтығы бір сағаттан аспайтын видеоларды көруге және таратуға мүмкіндік беретін IGTV қызметін ұсынбақшы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі  «Ведомоство» орталығына сілтеме жасай отырып


Жақын арада жаңа қызмет барлық инстаграм тіркелушілеріне қолданысқа берілмек.


Ал  IGTV ұялы телефон көмегімен видеолар түсіру үшін арнайы жасалынған және iOS пен android операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бейнематериал дайындаған әр бір адам өзінің жеке каналына ие болмақ, әрі сол арқылы  канал тіркелушілері де жаңа видеоларды уақытылы тамашалай алады.


Өткен жылы Instagram қолданушылары 800 млн шамасында болса, енді ол ғаламдық қауымдастыққа айналып отыр.


Пресс-релизде компания өкілдері « Қызмет қолданысқа берілген 2010 жылдан бастап компанияның биікке көтерілуін және дамуын бақылап келеміз. Біз үшін бұл өте маңызды. Барлығыңызға алғыс білдіреміз!» - деп жазады.


Өткен жылдың шілде айында Facebook қолданушылары 2 млрд-қа жетіп, әлеуметтік желінің айлық аудитория көрсеткіші 17%- ға дейін өскен болатын. Дәл сол уақыттарда WhatsApp желісін пайдаланушылардың айлық аудиториясы 1,3 млрд адамды құраса, оның 1 млрд- ы әр күн сайын мессенджерді қолданады. Ал 2018 жылдың I жартысында Twitter- дің қолданыс аясы 336млн адамға жетті.


Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив