KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Шығыс кәдесыйы» облыстық фестиваль-байқауы өтті

6.07.2024, 15:30 176 Қызырбек Дүргінбайұлы

Астана күні мерекесіне орай Өскемен қаласында «Шығыс кәдесыйы» атты  қолөнер шеберлерінің облыстық фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының шеберлері жәрмеңке барысында түрлі-түсті бұйымдар мен кәдесыйларын, әртүрлі материалдар мен түрлі техникалар арқылы жасалған сан алуан бұйымдарын әкеліп көпшілік назарына ұсынды.

- Бүгінгі көрмеге қатысып жатқан шеберлер түрлі оюланған және боялған кәдесыйлар, саздан, қоғадан, киізден, былғарыдан жасалған бұйымдар, тастан жасалған зергерлік бұйымдарын әкеліп, көпшілік назарына ұсынып отыр. Бұл көрме ел көлемінде тойланып жатқан Астана күніне орай өтуде, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық этногррафиялық және табиғи-ландшафтық музей қорығының директоры Арсен Тен.


Сондай-ақ көрме қарсаңында шеберлік-сабақтары өтіп, үздік қолөнершілер өзара сынға түсті.

- Жалпы " Шығыс кәдесыйы " көрмесі жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді. Бұл қолөнершілерге көрсетілген үлкен қолдау деп ойлаймын. Көрмеге бағалы тастардан жасалған бұйымдарымды алып келдім. Жұрттың қызығушылығы жоғары, - дейді қолөнер шебері Байболат Дәлентаев.

Фестивальда ән шырқалып, күй шертілді. Мың бұралған бишілер де өнер көрсетті. Қысқасы керемет өнер тойы өтті. Жиналған жұрт қолөнершілер жасаған бұйымдардың арасынан қазақтың қасиетті қара домбырасын ерекше қызықтап жатты. Шара соңында жеңімпаз шеберлер марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив