KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Қазақтың ескі ән-күйлері əлемдік платформаларға шығады

pixabay.com

7.07.2024, 15:00 136 Назерке Каримова

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ескі ән-күйлерді қамтитын «Асыл мұра» аудиожинағын әзірлеуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Телерадиокорпорация ақпаратына сүйенсек, жинаққа бұрын жарыққа шықпаған, «Алтын қорда» сақталған 1000-нан астам шығарма кірді.

– Аудиокітап «Күйлер», «Жыр-термелер», «Халық және халық композиторларының әндері», «Ертегілер», «Бесік жыры»  және «Ретро әндер» бөлімдерінен тұрады, – деп хабарлады «Қазақстан» телерадиокорпорациясы. –Мысалы, жинаққа күй анасы Дина Нұрпейісованың өз орындауындағы күйлер кірсе, «Халық және халық композиторларының әндері» бөлімінде Әміре Қашаубаевтың өз аузынан 1925 жылы жазып алынған «Балқадиша» әні бар.


Жобаның  ерекшелігі – барлық аудиофайл Spotify, iTunes, Yandex Music секілді əлемдік платформаларға және «Қазақстан» телерадиокорпорациясының altynqor.com сайтына жүктелмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив