KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 2 м/с, С
474.26 514.48 5.43

1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім түсті

t.me/oqu_agartu

6.07.2024, 23:00 73 Назерке Каримова

1-сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.

Бүгінге дейін 275177 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

- 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың 1-сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.


Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылды. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив