KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады (видео)

ШҚО ПД

7.07.2024, 16:00 126 Назерке Каримова

Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20 жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты.

Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Домбыра халқымыз үшін музыкалық аспап қана емес, қазақ даласының рухы мен тарихын бейнелейтін тұтас әлем. Бағзы заманнан бері екі ішектің үні мен күй әуендері салт-дәстүріміздің символы саналады.

- Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін, - деп құттықтады ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив