KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО-ның бас орнитологына арналған журнал мен кітап жарық көрді

instagram/shqo_sayasat_basqarmasy

7.07.2024, 17:00 116 Назерке Каримова

ШҚО-ның бас орнитологы, биология ғылымдарының кандидаты, фаунист, педагогика бойынша 30-дан астам кітаптың және 350 ғылыми жарияланымның авторы Борис Щербаков 85 жасқа толды.

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында мерейтойға орай мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ғалымды облыстық қоғамдық даму және мәдениет басқармаларының, ШҚО этномәдени бірлестіктерінің, ШҚО Ақсақалдар кеңесінің өкілдері, «Звено Алтая» облыстық әдеби бірлестігінің, облыстық және қалалық кітапханалардың өкілдері, өңірдің шығармашылық ұжымдары құттықтады.

- Мереке барысында жазушының өмірі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, шақырылған қонақтар Борис Васильевичтің авторлық кітабының көрмесімен танысты. Сондай-ақ, Борис Щербаковқа арналған №11 «Изумрудный Алтай» журналының және ШҚО жазушыларының 30 томдық кітабының тұсаукесері өтті, - деп хабарлады ШҚО Ішкі саясат басқармасы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив