KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
441.79 478.77 4.9

Семейде 160 орындық балабақша ашылды

8.11.2012, 18:00 113


Қазақстандағы АES компаниялар тобы Семей қаласына 160 орынды балабақшасын сыйға тартты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі мәліметі бойынша Аltaynews.kz тілшісі. Жаңа «Ажар» балабақшасын салтанатты тапсыру Шығыс Қазақстан облсының әкімі Бердібек Сапарбаев мен AES корпорация вице-президенті Майкл Центер қатысуымен өтті.

Осы қайырымдылық жоба аясында Қазақстандағы AES компаниялар тобы Семей қаласындағы үшінші тұлғалар жеке меншігінде болған, көптен бері жұмыс істемей тұрған осы мектепке дейінгі мекемені сатып алған болатын. Жобаның жалпы құны шамамен 200 миллион теңге.

Ғимаратта толық күрделі жөндеу жұмыстары жасалды: сырт қабырғалары жылытылып, беткі қабаты заманауи материалдармен қапталған, екі камералы пластик терезелер мен есіктер орнатылды, көпқабатты сенімді жабын салынды.
Жылу жүйесі, әуе баптау, сумен қамту мен кәріз жүйелері толық ауыстырылды. Жаңа өрт дабылы мен жарық жүйелері орнатылды. Ескі еден жабындығы жаңа жылытқыш заманауи түріне ауыстырылды. Қабырға мен төбенің жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сыртқы энергоқамту жүйесі екі кабельді орнатумен ауыстырылды, яғни апаттық электр энергия өшкен жағдайда, жүйе автоматты түрде жұмыс істеп тұрған желіге қосылатын болады, сөйтіп, балабақша электр энергиясынан ажыратылмайды.
Аула да көркейтілді: алты көлеңке шатырлары орнатылып, ойын алаңдары жабдықталды, спортпен шұғылдану алаңы да бар. Асфальт жабындығы толығымен ауыстырылып, топырақ жеткізілді, жасыл алқаптар жасалды.
Қазақстандағы AES компаниялар тобы балабақшаны қосымша қажетті жиһазбен, асхана, кір жуу бөлмесі мен медицина кабинеттерін де лайықты жабдықтармен қамтамасыз етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив