ШҚО-да11 студенттік жатақхана салу жоспарлануда
Шығыс Қазақстанда студенттік жатақханаларды салу бойыншажұмыстар қарқынды түрде басталып кетті.
Облыс әкімі Даниал Ахметов бекіткен «Жол картасы» және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 11 студенттік жатақхана ашу көзделуде. Атап айтсақ, 3300 төсек-орындық 9 жатақхана жаңадан салынады, 1000 орындық бір жатақхананың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, 350 орындық бір жатақхана күрделі жөндеуден өтеді.
Жатақхананың бірі Өскемендегі 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі бойында орналасқан С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Студенттер қалашығына салынбақ.
Қазіргі кезде құрылыс басқармасының нақты жоспары әзірленген, жобалар бойынша конкурстар өткізілуде. Осы мақсаттар үшін облыс қазынасынан шамамен 50 миллион теңге қаражат бөлініп отыр.