Семей қаласының Көші-қон қызметі хабарлайды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығының тармағына сәйкес қабылдаушы адамдар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нысан бойынша немесе «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйесінің Визалық-көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКҚП) (www.vmp.gov.kz) арқылы хабарлауы қажет.
Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімге шыққан не көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы заңды немесе жеке тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына нысан бойынша не «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйесінің Визалық-көші-қон порталы (www.vmp.gov.kz) арқылы жазбаша хабарлайды.
Тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерткен кезде көшіп келушілер күнтізбелік бес күн ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.
Егер осы қағиданың талаптарын сақтамаған жағдайда қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар ҚР ӘҚБтК 518 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.