KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Екпе немесе система алса ораза бұзыла ма?

4.06.2018, 04:24 233

– Сұрағым келгені, аузы берік адамға өзен-көлге шомылуға рұқсат па? Сонымен бірге ораза кезінде аузы берік адам екпе немесе система алса оразасы бұзыла ма?


Жансерік Ілияс


Күршім ауданы.


 


Сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы, облыстық Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай жауап береді:


– Ораза кезінде салқындау, жеңілдеу мақсатында өзен-көлге, тағы басқа жерлерге шомылуға немесе ғұсылдануға болады. Бұл оразаны бұзбайды. Тек ауыздан не мұрыннан ішке су кетіп қалмауын байқау керек. Әбу Дәуідтің сүнанында риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузы берік бола тұра ыстықтағандықтан немесе қатты шөлдегендіктен басына су құйғандығы айтылады. Ғалымдарымыз шомылу барысында құлаққа кірген су да оразаны бұзбайды дегенді айтады.


Ал екінші сұраққа келер болсақ, кей жағдайларда табиғи жолдармен қоректене алмайтын кісілерге денені азықтандыру үшін инъекция (денеге дәрі жіберу) жасалып жатады. Сондықтан да, қазіргі кезде ғалымдарымыз мұндай ине салу немесе система алу оразаны бұзады дейді. Ал одан өзгелері азық болмағандықтан әрі табиғи жолдармен асқазанға түспегендіктен оразаны бұзбайды деп отыр. Ендеше ем үшін салғызатын ине салу мен система алу оразаны бұзбайды. Алайда, оразадан әлсіреген денеге қуат беретін дәрі егуге аузы берік кісіге рұқсат жоқ. Ондай дәріні тек ауыз ашқаннан кейін ғана егуге болады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив