KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Семейде жоғалып кеткен бойжеткен әлі іздестіріліп жатыр

25.05.2018, 09:54 238

Осыған дейін Семейде жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткен туралы жазған едік. Оның хабар-ошарсыз кеткеніне, міне, бір айдан асып кетті. Әлі ешқандай ақпарат жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасуда.


Әйгерім Әміренова - Зайсан ауданының тумасы. Д.Қалматаев атындағы медициналық колледждің 1 курсында оқиды.  16 сәуір күні сағат таңғы 08:00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Соңғы рет Әйгерімді Шоқан Уәлиханов көшесінің бойындағы кофехананың алдынан көрген екен. Сондай-ақ, сол күні полия қызметкерлері оның телефоны арқылы соңғы рет көпірдің тұсында болғанын анықтады. Содан бері телефоны өшірулі.


Әйгерім Әміренованы көргендер болса немесе ол туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабар берулеріңізді сұраймыз: 8 702 141 22 50 (Еркебұлан), 87715409585 (Назгүл).


Ерекше белгілері:  үстінде көк түсті жейде (толстовка), сыртынан қара түсті жұқа күртеше және қара түсті джинсы шалбар, аяғында – қара кеды болған. Шашы ұзын, қара торы, көздері жасыл түсті. Ерекше белгілері: оң жақ бетінде мең бар және сәл бүкірейіп, еңкіш тартып жүреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив