KZ
Өскемен
+29°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

Семей қаласында бойжеткен із-түссіз жоғалып кетті

18.04.2018, 09:59 134

Жоғалып кеткен қыздың есімі - Әйгерім Әміренова, 18 жаста, Зайсан ауданының тумасы. Д.Қалматаев атындағы медициналық колледждің 1 курсында оқиды. 16 сәуір күні сағат таңғы 08:00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Соңғы рет Әйгерімді Шоқан Уәлиханов көшесінің бойындағы кофехананың алдынан көрген екен. Сондай-ақ, сол күні полия қызметкерлері оның телефоны арқылы соңғы рет көпірдің тұсында болғанын анықтады. Содан бері телефоны өшірулі.


Үстінде көк түсті жейде (толстовка), сыртынан қара түсті жұқа күртеше және қара түсті джинсы шалбар, аяғында – қара кеды болған. Шашы ұзын, қара торы, көздері жасыл түсті. Ерекше белгілері: оң жақ бетінде мең бар және сәл бүкірейіп, еңкіш тартып жүреді.


Біз іздеу салып жүрген Әйгерімнің жақын туыстарымен байланысқа шықтық.


-Әйгерім – үйдің еркесі, анасының жалғызы, - дейді қыздың ағасы Еркебұлан Бақытбеков. – Ол туралы қандай да ақпарат болса, бізге хабар беріңіздерші.

Әйгерім Әміренованы көргендер болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабар берулеріңізді сұраймыз:


8 702 141 22 50 (Еркебұлан), 87715409585 (Назгүл).


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив