KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Семейде өртті бақылайтын тамаша техника бар екен

22.05.2018, 13:02 92

Бүгін «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының директоры Мұрат Дәулетов БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, кеше болған өртке қатысты журналистерге толыққанды ақпарат берді.


Бұдан бөлек, қазіргі таңда қаламызда ауқымды аумақты алып жатқан орман алқабын тәулік бойы онлайн режимінде бақылайтын, ТМД-да теңдесі жоқ арнайы техника құрылғысы туралы айтып берді. Бұл пилоттық бағдарлама болып табылады екен. Дәл осы қондырғының арқасында қандай да бір оттың ұшқыны көрінген, түтіндеп жатқан жерді бірден анықтап береді. Бірнеше жыл Семей аумағында ірі өрттің алдын алып отыруға осы бір неміс жерінде жасалған техника көп пайдасын тигізіпті. Алайда, бір өкініштісі Бесқарағай, Беген, Бөкебай сынды елді мекендерде бұл құрылғы жоқ болғандықтан, өртті бақылау біраз қиынға соғып отырған көрінеді.


Айта кету керек, мамандар кешегі орын алған өрттің шығуына адам кінәлі деген болжам жасап отыр. Сондықтан орман шаруашылығының басшылығы тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін сақтап, өздері демалып отырған аумақ өртке оранып, жанып кетпеу үшін мұқияттылықты талап етті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив