Полицейлердің автокөлігіндегі мемлекеттік нөмірлер өзгереді
Автокөлікті тіркеу Ержелеріне өзгертулер енгізу туралы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, ҚР ІІБ арнайы және жедел қызметтерінің жеңіл автокөліктерінің, жүк тасуға арналған автокөліктер мен автобустарының алдыңғы және артқы мемлекеттік нөмірлері өзгереді.
Жаңа нөмірлер:
Полиция автокөлігінің артқы жағындағы нөмірі осындай болмақ:
Мотоцикл нөмірлері:
Әріптік белгілер жедел қызметкерлердің тіркеме және жартылай тіркемесі бар көліктерінде ғана қалады:
Айта кетсек, бұл 2012 жылдан бері полицейлердің қызметтік көліктерінің нөміріне қатысты енгізіліп отырған екінші өзгеріс.
25 мамырдан бастап Көлік құралдарын тіркеу Ержелеріне енгізілген өзгертулер заңды күшіне енеді. Ол бойынша автокөлік иелері мемлекеттік тіркеу нөмірлерін 2,8 АЕК (6 734 тенге) мөлшеріндегі төлем арқылы өздері таңдай алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта автомобильді есепке қоюды үйде шықпай жүзеге асыруға болады.
Дереккөз: kolesa.kz