Астанада Жасанды интеллект мектебінде тегін оқуға өтінім қабылданып жатыр
Фото: Astana Hub
Қазақстандағы Tomorrow School алғашқы жасанды интеллект мектебінің екінші легіне өтінімдер қабылдап жатқанын хабарлайды. Қабылдау 2024 жылдың 11 қарашасына дейін жалғасады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Astana Hub сілтеме жасап.
Бірінші лекте оқуға 2880 өтініш түсіп, оның ішінде 120 адам үздік студенттерді негізгі бағдарламаға іріктеуге мүмкіндік беретін 4 апталық интенсивті оқу кезеңі сәтті өткен болатын.
Оқу Astana Hub технопаркінің кампусында 24/7 икемді кестемен жаңа iMac компьютерлерінде өтеді. Студенттер бірқатар мамандықты таңдай алады, соның ішінде AI инженері, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші, толық стек әзірлеушісі және т.б. бар.
Толық мәліметтер мен өтінім қабылдау Tomorrow School сайтында.